Жас жігіттің жыныс мүшесін ұстағысы келген бе? Алмас Кішкенбаевтың соты өтетін болды

Автор: Темірхан Айжан

Отырыс жабық түрде өтпек 

Фото: @a.kishkenbaev

Алматы қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотында әнші Алмас Кішкенбаевтың ісі қаралады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оған Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің «Ұсақ бұзақылық» бабы бойынша айып тағылған.

Сот отырысы жабық түрде өтеді, мұны соттың баспасөз қызметі растады.

Еске салсақ, осыған дейін әншінің 17 жастағы курьерге тиіскені туралы ақпарат шыққан. Баланың әкесі полицияға арыз жазған. Қалалық полиция Алмас Кішкенбаетың ұсталғанын растаған.

«2007 жылы туған бозбаланың сөзінше, кешкі сағат 21.00 кезінде оған Алматы тұрғынынан 3 бөтелке сыраға тапсырыс түскен. Жігіт сыраны сатып алып, 40 жастағы ер адамның пәтеріне әкеп береді. Ер адам оған бірге ішуге ұсыныс жасап, оның мүшесінен ұстап алғысы келген. Курьер дереу ол жерден кетіп, болған жағдайды әкесіне айтып береді. Полиция пәтерге барып, ер адамды ұстап алып кеткен. Оның аты – Алмас Кішкенбаев», - деп жазған еді Kozachkov телеграм каналы.

Полиция К. есімді адамның ұсталғанын растады.

«Әкесінің кәмелетке толмаған ұлын қорлау туралы өтініші бойынша тексеру жүргізіледі. Полицияға барлық мән-жайды анықтау үшін К. есімді азамат жеткізілді»,-  деді полицияның баспасөз қызметінен.