$ 519.28  540.05  5.31
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Қазақстан АЭС-ті 8 жыл ішінде салып бітпек - ол мерзім 2033 жылы келеді

Бұл болжамды энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев айтты 

Қазақстан АЭС-ті 8 жыл ішінде салып бітпек - ол мерзім 2033 жылы келеді
Фото: freepik

Қазақстанда алғашқы АЭС-ті 8 жылда салып бітіреді. Бұл туралы Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Халықаралық тәжірибені көріп жүргеніміздей, шетелдерде ірі жобалардың құрылысы әуелі 2-3 жыл жобалау сатысынан өтеді, содан кейінгі онжылдықта құрылысы жүреді. Жалпы алғанда, 10-12 жылдың көлемінде АЭС құрылысы аяқталады. Бірақ біз жылдамырақ салудың мүмкіндігін қарастырып жатырмыз, яғни 8 жыл ішінде АЭС құрылысын аяқтаймыз», деді ол.

Министрдің пікірінше, АЭС-ті аз уақыт ішінде салып, пайдалануға беру оның сапасына ешқандай кері әсерін бермейді.

«АЭС-ті сала бастаған кезден-ақ оны Қазақстаннан бөлек, МАГАТЭ сияқты ірі халықаралық ұйымдар бақылап отырады. Сондықтан АЭС-тің тығыз уақыт ішінде салынуының сапасына кері әсері жоқ», - дейді министр.

Еске салса, кеше президент Үкіметтің кеңейтілген отырысында энергия тапшылығы артып келе жатқанын айтып, алғашқы АЭС құрылысын тездетуді тапсырған.

Серіктес жаңалықтары