Ол бір жыл түрмеде отырады
Алматы облысының Балқаш аудандық соты бұған дейін де мас күйінде көлік жүргізгені үшін жүргізуші куәлігінен айырылған ер адамның ісін қарады: ол жүргізуші куәлігінен айырылса да жуырда тағы да мас күйінде рульге ортырған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Алматы облысы Балқаш аудандық сотының 2024 жылғы 16 қаңтардағы қаулысына сай, бұл адам 7 жыл мерзімге жүргізуші куәлігінен айырылған болатын. Алайда, 2024 жылдың желтоқсанында оны полиция қызметкерлері Бақанас-Карой тас жолында мас күйінде көлік жүргізу кезінде ұстаған», - деп хабарлайды сот.
Сот бұл жолы оны өмір бойынша жүргізуші куәлігінен айырып, бір жылға соттады. Үкім әзірге заңды күшіне енген жоқ.