Көлік апатынан жарақат алған үшінші полицей ауыр халде жатыр
Еске сала кетейік, кеше, яғни 25 мамырда Алматы маңында таңғы сағат 05:26-да блок-бекеттердің бірін бұзып өтпекші болған мас жүргізуші полиция көлігін соғып, соның салдарынан екі полиция қызметкері көз жұмды.
BMW автокөлігінде болған 1994 жылы туған азамат бұрын құқық қорғау органдарында 6 жыл қызмет еткен екен.
«Бақылау-өткізу пунктінде болған қайғылы оқиға бірден ішкі істер органдарында қызмет еткен екі полиция қызметкерінің өмірін қиды. Бірақ, ең өкініштісі, жантүршігерлік апатты жасаған жүргізуші бұрын погон таққан. Алты жыл полицияда жұмыс істеген, ол қызметтік міндеттерін тиісінше орындамағаны үшін төрт рет тәртіптік жаза алды. Бұл оның ішкі істер органдарынан кетуіне себеп болды. Бірақ одан кейін де ол өзі үшін дұрыс қорытынды жасай алмады. Заңды бұзып, ауыр зардаптарын біле тұра, ол рөлге мас күйінде отырып, қылмыс жасады», - деді, Алматы қалалық полиция Департаментінің бастығы Қанат Таймерденов.
Алматыдағы блок-бекетте болған көлік апатынан жарақат алған үшінші полицей ауыр халде жатыр.