Ақтауда ит талаған жасөспірімнің жағдайы орташа ауыр

Автор: Мақсат Әсел

Құтырма ауруына қарсы терапия жасалады

Фото: istockphoto.com

Ақтауда ит талап тастаған жасөспірімнің жағдайы орташа ауыр. Науқас балалар ауруханасында ем алып жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ақпарат агенттігі Lada.kz-ке сілтеме жасап.

Бұған дейін Маңғыстау облысы Түпқараған ауданындағы Ақшұқыр аулында 16 жастағы жасөспірімді ит талап тастағанын жазған едік. Ол облыстық балалар ауруханасының жарақат бөлімшесіне жатқызылған еді. Дәрігерлердің айтуынша науқастың денсаулығы оңалып келеді. Дегенмен жағдайы орташа ауыр деп бағаланып отыр. Емдеуші дәрігер Нұрсұлтан Нұрымовтың айтуынша, құтырма ауруының алдын алу үшін арнайы терапия жасалады.