$ 517.84  543.11  5.28
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Сот тергеуі аяқталды: Марат Барқұловтың әкесі жәбірленуші құқығынан айырылды

Судья бұл шешімінің себебін түсіндірді

Сот тергеуі аяқталды: Марат Барқұловтың әкесі жәбірленуші құқығынан айырылды
Фото: Қорғаныс министрлігі

Астанадағы қылмыстық істер бойынша ауданаралық әскери сотында 19 жастағы сарбаз Марат Барқұловтың өліміне қатысты сот отырысы өтіп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Сот марқұм Марат Барқұловтың әкесі құжат бойынша Ербол Күнтінов емес екенін анықтады. Марқұм Барқұловтың туу туралы куәлігінде әкесі деген жерде Барқұлов Ербол Санатханұлы деп жазылған. Баланың анасы күйеуімен заңды некеде тұрмаған соң, әкесі деген жерге осылай жаздырған көрінеді. Ал, баласына өзінің тегін берген. Оның айтуынша, бұның себебі Ербол Күнтіновтің осыған дейін сотты болғаны.

Ербол Күнтінов осы уақыт аралығында өзін Марат Барқұловтың әкесі деп тануға заң бойынша жүгінбеген. Алимент төлемеген. Сот осы мәселеге қатысты шешім шығарды.

«Күнтінов қайтыс болған баланың анасымен некеде тұрмаған, баланың анасының айтуынша, баланы күтіп-бағуға ақшалай қаражат төлемеген, материалдық көмек көрсетпеген. Күнтінов қаза болған әскери қызметшінің әкесі екенін растайтын құжаттар жоқ. Сонымен қатар сот қайтыс болған әскери қызметшінің әкесі ретінде басқа адамның тіркелгенін анықтады. Осыған байланысты сот талқылауы барысында прокурор соттан Ербол Күнтіновті жәбірленушілер және талап қоюшы тізімінен шығаруды сұрады»,- деді судья Королевская.

Ербол Күнтінов сот залында жәбірленушілер орнынан ортақ залға орын ауыстырды.  Осыған дейін жәбірленушілер айыпталушы тараптан 50 млн теңге моральдық шығын сұраған еді.

Сот отырысында іс бойынша тергеу аяқталып, жарыссөз айтылатыны жарияланды.

Серіктес жаңалықтары