Олардың үйінен діни кітаптар тәркіленген
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Астана мен елорда түбіндегі Қосшы қаласында 4 азаматты қолға түсірді. Олар теріс діни ағымды үгіттеп, экстремистік әрекетке қатысқан болуы мүмкіе, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Күдіктілердің үйін тінту кезінде біраз діни әдебиет пен басқа да дәлелдер тәркіленген.
«Қазақстанның төрт азаматы терроризмді насихаттады, экстремистік әрекетке қатысты және ұйымдастырды, сондай-ақ жаңа жақтастарды тартты деген күдікке ілінді. Қылмыстық кодекстің 256, 259 және 405-баптары бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды», - деп хабарлайды Ұлттық қауіпсіз комитетінің баспасөз қызметі.