Әзірге олардан зардап шеккен үш адам анықталды
Ақмола облысы Степногорск қаласының полициясы халықты бопсалап, ақша тапқан екі адамды ұстады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Polisia.kz ақпаратынша, осы екі адам жергілікті тұрғындарды, әсіресе, жастарды ұрып-соғып, қорқытып, ақша талап еткен.
«Күдіктілер жәбірленушілерді кездейсоқ тапқан, олар негізінен жергілікті бизнес қызметкерлері, жүк тасушылар немесе дүкен сатушылары болды. Жәбірленушілердің бірі - 24 жастағы қала тұрғыны. Күдіктілер одан 80 мың теңге бопсалаған. Бүгінгі таңда үш жәбірленуші анықталды», - деп хабарлайды полиция.
Қазір күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.