Есірткі тасымалына қарсы заң жобасында құрбақа не істеп жүр - депутат түсіндірді

Автор: Темірхан Айжан

Табиғатта терісі мен уының құрамында есірткі кездесетін құрбақалар бар екен 

Фото: istockphoto.com

Қырғызстанға шетелден құрбақа тасымалдауға тыйым салынады. Бұл есірткіге қарсы заң жобасында жазылған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy 24.kg-ге сілтеме жасап.

Жоғарғы кеңесте депутаттар балалар мен жастар арасында есірткі құралдарының, психотроптық заттардың, олардың аналогтары мен прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша заңнамалық актілерге өзгерістер енгізу туралы заң жобасын талқылаған.

Құжатта «тірі организмдер» деген сөз тіркесі кездескен. Оны Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Қарманбек Байдәулетов түсіндіріп берді. Айтуынша, кейбір елдерде терісі мен уының құрамында есірткі кездесетін құрбақалар бар.

«Халықаралық тәжірибені ескере отырып, біз бұл тірі организмді шекара арқылы өткізбеу туралы норма енгіздік», - деді Қарманбек Байдәулетов.