Саранда дүкен сатушысын аяусыз өлтірген күдікті 50 жастан асқан адам болып шықты (ВИДЕО)

Автор: Бақыт Шынар

Қаза тапқан әйелдің артында екі баласы қалған

Фото: скриншот

Бүгін хабарлағынымыздай, Саран қаласында дүкенге баса-көктеп кірген ер адам сатушы әйелді аяусыз өлтіріп, кассаны тонаған. Полиция бір күн өте күдіктіні қолға түсірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оның қолға түскенін және жасы елуден асқан егдедегі адам екенін облыстық полиция департаменті растады.

«Жедел шаралардың арқасында Саран қаласының 27 жастағы тұрғынын өлтірді деген күдікпен 50 жастағы адам ұсталды. Оны Қарағанды облысы полиция департаментінің тергеу тобы қамауға алды. Тергеу жалғасып жатыр», - деп хабарлайды полицияның баспасөз қызметі.