Бұл аймақтарда ауа райы әлі құбылып тұр
Бүгін, 2025 жылдың 23 қаңтары күні түскі сағат 11:00-ден бастап Абай облысы мен Жетісу облыстарының кейбір жолдарында көлік қозғалысына шектеу енді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«ҚазАвтоЖол» компаниясының мәліметіне сүйенсек, Абай облысындағы «Алматы-Талдықорған-Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы» автожолының 615-683 шақырым аралығында, ал, Жетісу облысының «Алматы-Талдықорған-Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы» автожолының 557-615 шақырым аралығында көлік қозғалысы шектелді.
Айта кетейік, бұған дейін хабарлағынымыздай, Ақмола облысында аязды күндері алты мыңнан астам көлік жолда қалған.