Бұл ақшаны олар бір адамды бопсалап «тапқан»
Алматының полициясы адамды бопсалап, одан 10 млн теңге алып жатқан екі блогерді ұстады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жәбір көрген адам полицияға арызданып, екі блогерден қоқан-лоқы көргенін айтқан. Оның үстіне, іс материалына сәйкес, жәбірленуші бір кәсіпкермен соттасып, оны жеңіп шыққан. Кәсіпкер оған 20 млн теңге беруі керек еді.
«Күдіктілер әлеуметтік желілерде компромат жариялаймыз деп қоқан-лоққы көрсетіп, ол адамнан 8 миллион теңге бопсалаған. Сондай-ақ олар жәбірленушіні сот шешімімен кәсіпкер төлеуге міндеттелген 20 миллион бас тарт деп көндірмек болған. Блогерлер 10 миллион теңге алып жатқан жерінде ұсталды», - деп хабарлайды ішкі істер министрлігі.
Қазір блогер мен кәсіпкерге қатысты қылмыстық іс қозғалған.