Қостанай облысында 9 жасар бала суға батып кетті

Автор: Azattyq Rýhy

Оқиға 23 мамыр күні болған 

23 мамыр күні сағат 15.00-де Наурызым ауданы Қожа ауылында 9 жасар бала суға батып кетті. Болжам бойынша ол ауыл шетіндегі жасанды су қоймасының жанында ойнап, кейін шомылуға бел буған. Істің басқа да мән-жайы анықталуда, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Қостанай облыстық Төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

«Күннің ысуына байланысты облыс тұрғындары су айдындарына белсенді түрде шыға бастайды. Және көп жағдайда қауіпсіздік шараларын сақтамайды. Әсіресе, балалар қауіпсіздік ережелерін аз қолданады. Сондықтан ата-аналарға балаларымен әңгіме жүргізуін, қауіпсіздік ережелерін түсіндіруін және оларды қараусыз қалдырмауын сұраймыз», - делінген облыстық ТЖД таратқан хабарламада.

Судағы қауіпсіздік ережелері: 

Тыйым салынған және бейтаныс жерлерде шомылмаңыз;

Балаларды қараусыз қалдырмаңыз;

Судағы бұзақылықтарды болдырмаңыз;

Бөренелер мен тақтайларда жүзуге тырыспаңыз.

Су объектілеріне жақын жерде жүру және ережелерді бұзу қайғылы жағдайларға алып келуі мүмкін. 

 Құтқару қызметінің бірыңғай нөмірі «112» және «101».