Қайтыс болғандардың отбасыларына жан-жақты қолдау көрсетіледі
Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев өз міндеттерін орындау барысында қаза тапқан полиция қызметкерлерінің отбасылары мен жақындарына көңіл айтты. Қала әкімдігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, қайтыс болғандар азаматтардың отбасына жан-жақты қолдау көрсетіледі.
«Блок-бекетте міндеттерін атқарған және ЖКО салдарынан қаза болған полиция қызметкерлері Жарас Жанғазиев пен Дастан Әбдіқановтың отбасылары мен жақындарына қайғырып көңіл айтамын», - деп жазды Twitter-де Бақытжан Сағынтаев.
Еске салайық, бүгін Алматыдағы блок-бекеттердің бірін бұзып өтпекші болған мас жүргізуші полиция көлігін соғып, соның салдарынан екі полиция қызметкері көз жұмды.