$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
25.05.2020, 09:01
Оқиғалар

Алматыда мас жүргізуші бақылау-өткізу бекетін бұзып өтпекші болды

Оқиға салдарынан полиция қызметкері қаза тапты

Алматыда мас жүргізуші бақылау-өткізу бекетін бұзып өтпекші болды

Оқиға бүгін таңғы сағат 05:26-да Алматы облысы Қарасай ауданы Көксай ықшамауданында болған. BMW көлігінің жүргізушісі Жаңа Ғасыр көшесімен қиылысатын Қожабеков көшесімен солтүстік бағытта келе жатып, бақылап-өткізу бекетінің бетон қоршауына соғылған. Соның екпінімен полиция көлігін оң жақ қапталынан қаққан. 
  
Көлік жүргізушісі - 1992 жылы туған азамат Алматы қаласының тұрғыны. Алматы облысы мен қаланың арасына қойылған 4-ші блок-бекетті күзетіп отырған екі полицей патрульдік көліктің ішінде отырған. Өкінішке қарай, 42 жастағы полиция аға лейтенанты Жарас Жанғазиев ауыр жарақат салдарынан жедел жәрдем қызметі келгенше қайтыс болды деп хабарлады Алматы қалалық ПД Баспасөз қызметі. Ал оның әріптесі, полиция сержанты Дастан Әбдіқанов ауруханаға өте ауыр жағдайда жеткізілген.

BMW жүргізушісі қамауға алынды. Оның жол-көлік оқиғасы болған жерде мас болғаны белгілі болды. Бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған.

«Алматы Полиция департаменті басшылығы мен жеке құрамы қызмет бабында қайтыс болған полицей Жалғас Жанғазиевтің отбасына қайғырып көңіл айтады және орны толмас қайғыға ортақтасады», - деп жазылған қалалық Полиция департаменті баспасөз қызметі таратқан мәлімдемеде.

Ришат Асқарбекұлы, Алматы

Серіктес жаңалықтары