Тағы бес адам ауруханаға жеткізілген
Атырау қаласының іргесіндегі Химиктер ауылының маңында жантүршігерлік жол апаты болды, - деп хабарлайды КТК арнасы. Лада мен Нива көліктері соғысып, бір адам қаза тапқан.
«1992 жылғы әйел оқиға орнында қаза болды. Екі көлікте отырған жолаушылардан бес адам ауруханаға жеткізілді. Қазір ҚК-тің 45-бабы үшінші бөлігімен сотқа дейінгі тергеу-тексеру амалдары басталды», - дейді Атырау облыстық ПД баспасөз хатшысы Назымгүл Қайсағалиева.
Оқыс оқиға таңғы сегіз шамасында болған. Ол кезде қалада қою тұман тұрыпты. Сондықтан кімнің кінәлі екенін анықтау қиындық тудыруда.
Жол апатынан қаза тапқан жолаушы облыстық перзентханада қызмет істейді. Жарақат алған адамдардың беті бері қарады.