ШҚО мен Абай облыстарында жолдар жабылды

Автор: Бақыт Шынар

Жолдар ертең, 18 қаңтарда ғана ашылады деген ақпарат бар

Фотоколлаж: Azattyq ruhy/Әбілқасым Есентаев

Шығыс Қазақстан облысы мен Абай облыстарында бірқатар жолдар жабылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Қазавтожолдың» мәліметіне сүйенсек, бүгін, 17 қаңтар кұніг кешкі сағат 17.00-ден бастап аймақта ауа райы күрт нашарлаған.

«Ауа райының қолайсыздығына байланысты «Алматы-Талдықорған-Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы» арасындағы жолдың 1013-1048 шақырым, ал, Абай облысының шекарасынан бастап Ұлан ауылына дейін көліктердің барлық түріне шектеу қойылды», - деп хабарлайды ҚазАвтожол.

Жол қозғалысы 2025 жылғы 18 қаңтар сағат 05:00-де ашылады деген жоспар бар.