Қаза тапқандар жоқ
Алматы-Өскемен тас жолындағы апаттан бір адам жарақаттанып, ауруханаға түсті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Полицияның хабарлауынша, жолаушы жеңіл жарақат алып, Алатау қаласындағы ауруханаға жатқызылған.
Еске салсақ, бүгін таңғы сағат 07:30 шамасында «Алматы-Өскемен» автожолының учаскесінде ірі апат болып, 18 көлік соқтығысып қалған. Апат қалың тұман кезінде болды. Осы факті бойынша тексеру іс-шаралары жүргізіліліп жатыр.
«ҚазАвтоЖол» хабарлауынша, жүргізушілер шектеулі көрініс кезінде жылдамдық режимі мен қауіпсіз арақашықтықты сақтамаған.
Полиция автожүргізушілерді тұман кезінде жол ережесін қатаң сақтауға шақырды.