Атырауда карантин 8 маусымға дейін созылады

Автор: Azattyq Rýhy

Мақат ауданындағы Мақат кентінде карантин күшейтілген күйінде қалады.

Атырау облысының бас санитарлық дәрігері Темірбек Мұсағалиевтың қаулысымен өңірде карантин мерзімі 8 маусымға дейін созылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қаулыда тұрғындарға 2 метр әлеуметтік ара қашықтықты сақтау, міндетті түрде масқа тағу міндеттелген. Атырау қаласы, Жылыой ауданы, Мақат ауданындағы Мақат кентінде карантин күшейтілген күйінде қалады.

«Атырау облысы аумағында шектеу шаралары созылсын және Атырау қаласы, Жылыой ауданы, Мақат ауданы, Мақат поселкесінде карантин режимі 2020 жылғы 8 маусым 07:00-ге дейін cозылсын. 2020 жылғы 25 мамыр сағат 07.00-ден 8 маусым сағат 07.00-ге дейін Атырау облысының жедел штабы бекіткен блокпосттарды кесіп өту ережесінде көрсетілген жағдайдан тыс, Атырау қаласының карантиндік аймақтарына кіріп-шығуға тыйым салынсын»,-делінген қаулыда.

Одан бөлек, тұрғындарға арналған қауіпсіздік шараларын сақтау талаптары төмендегідей:

1.Атырау қаласында сағат 06.00 мен 23.00 аралығында қоғамдық көлік қызметі толықтай қалпына келтіріледі.

 2. ірі көлемдегі думанды, спорттық, өзге де бұқаралық шараларды өткізуге, сонымен бірге, отбасылық, еске алу шараларының, соның ішінде үйде өткізілуіне тыйым салсын.

3.діни нысандардың жұмысына тыйым салсын;

4. ҚР Үкіметінің ведомствоаралық комиссиясымен бекітілген рейстерден басқа, Атырау халықаралық әуежайының, теміржол вокзалы, автовокзал жұмысының тоқтатылуын сақтасын.

5. Атырау облысы әкімдігі «Атамекен» ҰКП-мен бірлесе отырып, 2020 жылғы 25 мамыр сағат 7.00-ден бастап, төмендегі кәсіпкерлік ұйымдар мен кәсіпорындардың қызметін қамтамасыз етсін:

1) туристік агенттіктер (ҚР БМСДҚ 11 қосымшасына сәйкес);

2) көңіл көтеру нысандарынсыз саябақ, алаң, шағын бақтарға, жағалауға үш адамнан артық емес топпен немесе бір отбасы мүшелерімен баруға рұқсат берілсін;