$ 510.78  576.06  6.35
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.

Оқушы қызды Астанадан Оралға ұшырмай қойған компания оның анасына 5 млн теңге төлейтін болды

Жағымсыз оқиға былтыр жазда болған еді

Оқушы қызды Астанадан Оралға ұшырмай қойған компания оның анасына 5 млн теңге төлейтін болды
Фото: istockphoto.com

Қазақстандағы ірі әуе тасымалдаушы компания FlyArystan былтыр жазда Астана арқылы Америкадан Оралға ұшып келе жатқан 12 жастағы Зере Ғалиеваны бортқа кіргізбей қойғаны үшін қыздың анасына 5 млн теңге төлейтін болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұған дейін FlyArystan компаниясының негізгі иесі Air Astana компаниясының басшылығы қыздың анасымен кездесіп, кешірім сұраған. Соттың бірінші сатысында компания 5 млн теңге көлеміндегі моральдық шығынды 1,5 млн теңгеге дейін қысқартуды өтінген еді.

Алайда, отбасының авдокаты Данильхан Шағатаев сот компанияның арызын қанағаттандырған жоқ дейді.

«Air Astana әуе компаниясы Алматы қаласы Түрксіб аудандық сотының бірінші сатыдағы шешіміне қанағаттанбай, апелляция берген болатын. Air Astana компаниясы талап арызында моральдық шығынды 1,5 млн теңге көлемінде азайтуды сұраған. сот бірінші сатыдағы шешімді өзгеріссіз қалдырды. Яғни, компания қыздың анасына 5 млн теңге шығын төлейді», - деп хабарлайды адвокат.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#Air Astana #ұшақ #шығын