«Бірге тойлаймыз»: қолдан жасалған 5000 теңгелік купюра шенеуніктердің назарын аударды (ВИДЕО)

Автор: Бақыт Шынар

ҚМА әлеуметтік желідегі видеоға байланысты комментарий берді

Фото: скриншот

Қаржы мониторинг агенттігі әлеуметтік желілерде видеосы тарап жүрген 5000 теңгелік купюроға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Желіде азаматтар шынайы ақшаны жалған немесе сувенирлік ақшамен шатастыратын бейнелер таралып жатыр», - дейді ҚМА-ның ресми өкілі Әлібек Әбділов.

Видеодан көрініп тұрғандай, әйел адам қолдан жасалған 5000 теңгелік купюро мен шын 5000 теңгелік купюроны қатар қойып, екеуін салыстырған.

«Мына жалған ақшада «бірге тойлаймыз» деген жазу бар. Оны шын ақшадан ажырату өте қиын», - дейді әйел.

Жалпы, ҚМА-ның мәліметіне сүйенсек, 2024 жылдың басынан бастап Қазақстан аумағында айналымнан құны 80 млн теңгеге тең 2 мыңға жуық жалған банкнота жойылды.