Ер адамды құтқарушылар краннан түсіріп алды
Таразда орта жастағы ер адам биік кранға шығып алып, алаяқтарға қарсы наразылығын білдірді. Ол өзімен бірге жанармай алып шыққанын айтқан, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Достар мен алаяқтарға қарсылығымды білдіру үшін кранда отырмын. Алаяқтарға заң жүрмейді. Бұл суицид емес. Тек алаяқтарға қарсы шара қолданса деймін. Мен үшін уайымдамаңдар, қолымда бензинім бар, тоңбаймын», -дейді ер адам.
Кейін оқиға орнына құтқарушылар мен психолог жетіп, оны краннан түсіріп алған. Ер адамды полицияға табыстаған.