Ұшақ ішінде 173 жолаушы болған
Санкт-Петербургтан Самарқанға бағыт алған Boeing 737 ұшағы діттеген жерге жетпей, Мәскеуге қонды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Ютэйр» әуе компаниясына тиесілі ұшақтың тұрақтандырғыш индикаторы іске қосылып кеткен. Бұл ақпаратты аталмыш компанияның баспасөз қызметі таратты.
Соңғы уақытта ұшақ апаты жиілеп кеткені белгілі. Ақтауда апатқа ұшыраған AZAL компаниясының ұшағынан бөлек, Оңтүстік Кореяда Jeju Air әуе кемесі құлап, жолаушылар көз жұмған. Іле Канада мен Норвегияда ұшақтар апатты жағдайда қонғаны хабарланды.