Олар азаматтардан бас-аяғы 1,8 млрд теңге алдап алған
Өскемен қаласында 102 адамды заңсыз жолмен үлескер етіп, олардың 1,8 млрд теңге қаражатын жымқырған екі күдікті қамалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қаржы мониторинг агенттігі хабарлағандай, екі күдікті жалған келісімшарттар жасаған. Құрылыстың аяқталу мерзімін ұзарта берген. Үй аламыз деп үміттенген азаматтар ақыры не баспанасыз, не ақшасыз қалды.
«Бұл адамдардың үлескер ретінде азаматтардан ақша жинауға еш қақысы болмаған. Қазір олар тергеу изоляторында отыр. Тергеу барысында күдіктілердің 2,3 млрд теңге болатын мүлкі бұғатталды», - деп хабарлайды ҚМА.