Оқиға бүгін түнгі сағат 03:20 шамасында Жітіқара қаласында болды. Алдын ала болжам бойынша, бес қабатты ескі ғимарат ішінде қоқыс тұтанған деп хабарлайды ktk.kz сайты.
«Өрт орнында екі ер адамның мүрдесі табылды. Олар туралы мәліметтер іздестіріліп жатыр. Өрт кезінде 1970 жылы туған ер адам құтқарылды. Оған «бас жарақаты және денесінің көгеруі диагноздары қойылды», - делінген ведомствоның ақпаратында.
Оттың тұтануының және кісі өлімінің себептері анықталуда.