Жетісуда мұғалімді демалысқа жібермей қойған директор прокуратураның жазасына тап болды

Автор: Бақыт Шынар

Оқиға облыстағы Ақсау орта мектебінде болған

Фото: istockphoto.com

Жетісу облысы Ақсау ауданындағы 35 орта мектептің директоры мұғалімді ақысыз демалысқа жібермей қойғаны үшін тәртіптік жазаға тартылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Облыс прокуратурасының хабарлауынша, мұғалім директордың атына өтініш жазып, ақысыз демалыс сұраған. Директор заңға сәйкес, өтінішті қарап, бес күн ішінде оған қол қойып, мұғалімді өзі сұраған ақысыз демалысына жіберуі керек еді. Алайда, директор заңның бұл талабын орындамаған.

«Прокурор қадағалау актісін толтырғаннан кейін облыста жалпы 2 мыңға жуық қызметкердің құқығы қорғалған.  Кінәлі лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды», - деп хабарлайды Жетісу облысының прокуратурасы.