Оқиғаны тергеу үшін арнайы жедел топ құрылған
22-26 желтоқсан аралығында Әндіжан облысында «Өзбекстан» коньягын ішкен 22 адам уланған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy
Облыс прокуратурасы хабарлағандай, олардың арасында бес адам жан тәсілім еткен.
Қалғандары ауруханада жатыр. Факт бойынша қылмыстық іс қозғалған.
Тергеуге облыстық прокуратура тергеушілері басшылық етеді. Оның құрамына ІІБ тергеу департаментінің және бас прокуратураның экономикалық қылмыстарға қарсы күрес департаментінің өкілдері кірген.