Каспийдің Әзербайжан жағында қуаты 4 баллдық жер сілкінісі тіркелді

Автор: Бақыт Шынар

Жер сілкінісі теңіздің 65 шақырым тереңдігінде тіркелген

Фото: kndc.kz

Каспий теңізінде жер сілкінді. Оның эпиорталығы теңіздің Әзербайжан жағында болған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Қазақстанның Ұлттық мәліметтер орталығы жазғандай, жер сілкінісі Астана уақытымен 30 желтоқсан күні түнгі сағат 01:14-те тіркелген.

«Жер сілкінісінің магнитудасы 4 балл», - деп хабарлады орталық.

Әзербайжанның баспасөз құралдары жазғандай, жер дүмпуі Каспийдің осы елдегі бөлігінде болған.