Бұның алдындағы ауыр апаттан 179 адам қаза тапқан еді
Оңтүстік Кореяда Jeju Air әуе компаниясының тағы бір ұшағы апатты жағдайда әуежайға қайта қонды. Оның ішінде 161 жолаушы болған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy yonhap news агенттігіне сілтеме жасай отырып.
Ең басты айта кетерлігі бұл әуе компаниясының бір ұшағы бір күн бұрын қонар кезде апатқа ұшырап, 179 адам қаза тапқан еді.
Бүгін, 30 желтоқсан күні апатты жағдайда қонған ұшақтың да шассиінен ақау шыққаны хабарланып отыр. Ұшқыштар 7C101 рейсін шұғыл түрде Чедждудің халықаралық әуежайына қондырған.