Жалпы апат орнынан 38 адамның мәйіті табылған
Ақтаудағы ұшақ апатынан қаза тапқан тағы жеті адамның аты-жөні анықталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қазақстанның төтенше жағдайлар министрлігі ақпаратты растағанымен, олардың есімдерін жарияламаған.
«38 мәйіт табылған, олар медициналық сараптама орталығына жеткізілді, олардың ішінде 6 Қазақстан азаматы және 3 экипаж мүшесінің мәйіті бар. 7 адамның аты-жөндері анықталды», - деп хабарлаған ТЖМ.