Шопанның айтуынша, полицейлер оны таңғы 4-ке дейін қинаған
Шардарада шопан Нартай Хужанов қорлық көрдім деген лауазымды полицейлердің үстінен қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Редакцияның сауалына жауап берген Түркістан облысы полиция департаменті шопанның арызы бойынша Шардара АПБ-нің қызметкерлеріне қатысты ҚР ҚК-нің 362-бабы 1-бөлігі - билiктi немесе лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану бойынша қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатқанын хабарлады.
Бұған дейін, шопан Нартай Хужанов Түркістан облысы Шардара ауданы полиция бөлімі басшысының орынбасары Нұрлан Жәрменов пен оның екі орынбасары кешкі уақыттан бастап келесі күні таңғы 04.00-ге дейін ұрып-соғып, қинағанын айтқан еді.