«Теңізшевройл» компаниясы өндірістік қызметін үзіліссіз жалғастырып жатыр - әкімдік

Автор: Azattyq Rýhy

Кеніште індет өршіп тұр

Қазіргі таңда «Теңізшевройл» ЖШС (ТШО) өзінің өндірістік қызметін үзіліссіз жалғастырып жатыр, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі ТШО компаниясының баспасөз-қызметіне сілтеме жасап.

«ТШО өндірістік қызметінің қауіпсіздігі мен сенімділігін қамтамасыз етуге бұрынғыдай зор көңіл бөліп отыр. ККЖ-ҰЕҚБЖ жобасын жүзеге асыру көрсеткіші 77%-ті құрайды және ТШО жобаның жүзеге асырудағы «сыни жолдың» негізгі жұмыстарын қауіпсіз орындауға бағытталған шараларды іске асыруда», - делінген хабарламада.

 Сонымен бірге, Қазақстан Республикасындағы және бүкіл әлемдегі көптеген компаниялар сияқты, ТШО COVID-19 пандемиясының өндірістік қызметке әсерін барынша азайта отырып, қиын жағдайда әрекет етуге және қызметкерлердің денсаулығы мен қауіпсіздігін қорғау үшін тиісті шаралар қолдануға мәжбүр.

Оқи отырыңыз:Атырау облысының әкімі 900-ден астам адам коронавирус жұқтырған Теңіз кенішінде шұғыл жиын өткізді

Еске сала кетелік, бұған дейін ҚР Бас санитариялық  дәрігері COVID-19 ауруының ушығуына байланысты  Теңізкенішінің жабылуы мүмкін екендігін хабарлаған еді.