Әуе апатынан 38 адам көз жұмған
Ақтау түбінде апатқа ұшыраған «Әзербайжан әуе бағыттары» компаниясына тиесілі ұшақтың қара жәшігі табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ұшақтың қара жәшігі табылғаны туралы Ақтауда журналистер үшін өткізілген брифингте айтылды.
Бакуден Грозныйға бет алған ұшақта барлығы 67 адам болған. Олардың арасында Қазақстан, Әзербайжан, Ресей және Қырғызстан азаматтары бар.
Апат салдарынан 38 адам көз жұмды, 29 адам аман қалған. Өкінішке қарай, тірі қалғандар арасында Қазақстан азаматтары жоқ.