Ақтау маңында құлаған ұшақ құсқа соғылған – ресми болжам

Автор: Бақыт Шынар

Осыған байланысты ұшақ Ақтау әуежайына апатты жағдайда қонуы керек еді

Фото: 24kz

Бүгін, 25 желтоқсан күні сағат 11:25-те Ақтаудың жанында Баку-Грозный бағытында ұшып бара жатқан жолаушылар ұшағы апатқа ұшырады. Алдын ала болжам бойынша, ұшақ құсқа соғылған соң, Ақтау әуежайына апатты жағдайда қонуға дайындалып келе жатқан, деп хабарлайды Azattyq Rýhy 

Қазақстанның азаматтық авиация комитеті хабарлағандай, бұл ұшақ Azerbaijan Airlines авиакомпаниясына тиесілі.