Оқиға орнына 52 адам мен 11 техника кеткен
Бірнеше минут бұрын Ақтау маңында Әзербайжанның ұшағы құлап түскені хабарланған еді. Қазақстанның төтенше жағдайлар министрлігі оқиға орнына 52 адам мен 11 техника жіберген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy
«Жедел желі іске қосылды. Өртті сөндіріп жатырмыз. Алдын ала мәлімет бойынша тірі қалғандар бар», - деп хабарлады министрлік.