23.12.2024, 16:52
Оқиғалар
Әзербайжанның генералы Рымбаеваға «ғашық» болған – әнші Роза Зергерлі өз есімінің тарихын айтты (ВИДЕО)
Желіде қос әншінің мейрамханада кездесіп отырған бейнежазбасы тарады
Фото: скриншот
Әзербайжанның танымал әншісі, актриса Роза Зергерлі өз есімінің қазақ әншісі Роза Рымбаеваның құрметіне қойылғанын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Роза Зергерлі 1979 жылы дүниеге келген кезде Роза Рымбаеваның орындауындағы «Любовь настала» әні - жыл әні атанып жатқан. Роза Зергерлі өзі әкесінің, отставкадағы генерал-майордың 21 жастағы қазақ әншісінің өнеріне ғашық болып, атын Роза деп қойғанын айтады.
«Мен Роза ханыммен кездесуді ұзақ күттім. Адамның есімі оның өміріне үлкен әсер етеді. Осы әйелді жақсы көріп, маған Роза деп ат қойғаныңа рахмет, әке», - дейді әзербайжан қызы.
Айта кетсек, Роза Зергерлінің «Istədim» әні қазақ тыңдармандарының арасында кеңінен тараған.
Көп оқылған
24.08.2026, 10:09
Қызылордада қылмыс өршіп тұр: соңғы екі жылда мемлекетке 66,5 млрд теңге залал келген
24.08.2026, 15:38
ШҚО-да ер адам туған қызын 6 жасынан бастап зорлады деген күдікке ілінді
24.08.2026, 11:48
Түркістан облысында бетперде таққан бірнеше адам тұрғын үйге басып кіріп, иесін бірнеше сағат азаптаған
24.08.2026, 11:40
Ағасы мен қарындасының жанжалы үйдің өртенуімен аяқталды (ВИДЕО)