Ол қаланы безендіруге екі жыл қатарынан 670 млн теңгеден жұмсалғанын айтты
Елорда әкімі қаланың жаңа жылға дайындығына бөлінген қаражаты туралы сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Былтыр да, биыл да жұмсалған қаражат көлемі бірдей - 670 млн теңге болды. Жаңа жылды қарсы алу үшін дайындыққа 30 шақты алаң абаттандырылды, оның ішінде балаларға арналған аулалар бар. Өздеріңіз білетіндей, «Астана аренаның» жанындағы шыршаны жағатын кезде 4-5 сағаттың ішінде алаңға 15 мың адам жиналды. Балаларымен келіп демалды. Қалада тұратын халықтың көңіл-күйін көтеру үшін ол көп ақша емес», - деді ол.
Әкімнің сөзінше, жаңа жылға безендеретін алаңдар саны екі есеге артқан.