Түркістандық әйел коронавирусқа сенбейтіндерге үндеу жолдады (ВИДЕО)

Автор: Azattyq Rýhy

Оның өміріне дәрігерлер араша түсіп, әрең дегенде беті бері қараған

Коронавирус жұқтырған әйелдің үндеуін Түркістан облысы әкімінің орынбасары Сәкен Қалқаманов өзінің желідегі парақшасында жариялады.

«Коронавирус дертіне шалдыққан Түркістан облысының тұрғыны сіздерге сәлем жолдап, бұл дертке немқұрайлы қарамауға шақырады. 4 күн бойы дәрігерлер ауыр хәлде жатқан әйелдің өміріне араша түсіп, тек бесінші күн дегенде оның жағдайы жақсарған. Оның баласы да COVID-19 инфекциясын жұқтырғаны белгілі болды, оның жағдайы ауыр.Төтенше жағдай режимінің аяқталуы вирустың жойылғаны емес.Сол себепті абай болайық достар!»,- деді облыс әкімінің орынбасары.

Айта кетейік, елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырған жалпы 7 234 адам анықталды. Олардың ішінде:

Алматы қаласы – 1966,

Нұр-Сұлтан қаласы – 1403,

Атырау облысы – 816,

Шымкент қаласы – 508,

БҚО – 352,

Қарағанды облысы – 300,

Қызылорда облысы – 266,

Түркістан облысы – 247,

Алматы облысы – 238,

Ақтөбе облысы – 233,

Жамбыл облысы – 222,

Павлодар облысы – 176,

Маңғыстау облысы – 164,

Ақмола облысы – 135,

Қостанай облысы – 110,

ШҚО – 59,

СҚО – 39.

Республика бойынша COVID-19 инфекциясынан жазылып шыққандар саны 3 734 адамға жетті. Өкінішке қарай, 35 адам көз жұмды.