Сондай-ақ иттер ел аумағында сатылатын есірткіні де анықтаған
Қаржы мониторинг агенттігіне қарасты Кинологиялық орталығының мамандары мен иісшіл иттер ел аумағынан заңсыз әкетіп бара жатқан ірі соманы анықтады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Дереккөзге сүйенсек, агенттіктің иттері сондай-ақ есірткі тасымалына қатысты 33 қылмыстың бетін ашқан.
«Сонымен қатар, Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы декларацияланбаған валютаны заңсыз өткізуге қатысты 17 факт анықталды. Бұл валютаның жалпы сомасы 529 152 АҚШ доллар мен 9 500 еуроға тең. Оның ішінде 15 факт Алматы қаласында, 2 факт Маңғыстау облысында тіркелген», - деп хабарлайды ҚМА.