Тараздағы облыстық балалар ауруханасында томография аппаратынан өрт шықты

Автор: Дулат Асель

42 адам қауіпсіз жерге көшірілді

Видеодан алынған кадр

Тараз қаласында олыстық балалар ауруханасының жертөлесінде компьютерлік томография аппараты өртенді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Төтенше жағдайлар департаментінің мамандары дереу оқиға орнына жетіп, қауіпсіздік шараларын қабылдады. Түтін жайылған аймақтан барлығы 42 адам, оның ішінде 30 бала қауіпсіз жерге көшірілді. 

«Өрт толығымен сөндірілді, зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себептері анықталуда», - делінген хабарламада.