Конституцияның ішінде жарты тоқаш жатыр – Семей ауруханасындағы видео желіге тарады (ВИДЕО)

Автор: Azattyq Rýhy

Семей  қаласының әкімдігі әзірге оқиғаға қатысты комментарий берген жоқ

Фото: скриншот

Семей қаласының орталық ауруханасында, есіктің кіреберісінде тұрған Конституцияның іші бос болып шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Желіде тараған видеодадан байқағынымыздай, аурухана Конституцияның кітабы салынатын қорапты бос қойған. Оның ішіне әлдекімдер жарты тоқаш тастап кеткен.

Қазір видео желіге тарап, халық Ата заңға құрмет танытпаған аурухана әкімшілігіне наразылық білдіріп жатыр.