Тағы отыз адам аман-есен эвакуацияланған
Алматыда тұрғын үйдің бірінші қабатындағы дүкен өртеніп, тұрғындар эвакуацияланды,деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Таңертең Наурызбай ауданында С.Жүнісов көшесінде орналасқан көп пәтерлі тұрғын үйдің бірінші қабатында орналасқан дүкен сөрелері өртенді.
ТЖМ күштерімен баспалдақ маршымен үйдің 30 тұрғыны эвакуацияланып, құтқару қалпақтары арқылы 4 бала құтқарылды. 60-қа жуық тұрғын өздері көшеге шыққан.