Жерге алып ұрған - Қостанай облысында 22 жастағы жігіт адам өлімі үшін сотталды

Автор: Темірхан Айжан

Жігіт ер адамды ұрып өлтірген 

Фото: скриншот

Қостанай облысында ойын-сауық орындарының бірінде ер адамды ұрып өлтірген жігітке үкім шықты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Күдіктіге ҚК-тің 106-бабы 3-бөлігі «жәбірленушінің денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіру» бойынша айып тағылды. Ол 8 жылға сотталды. Жігіт қылмыстық-атқару жүйесінің орташа қауіпсіздік мекемесінде жазасын өтейтін болады.

Үкім заңды күшіне енген жоқ. 

Еске салсақ, қазан айында Лисаков қаласындағы ойын-сауық орындарының біріндегі төбелестің видеосы тараған. Онда екі ер адам шекісіп, бірі екіншісін жерге алып ұрады. Жыға сала бетінен аямай бірнеше рет жұдырықтаған. Таяқ жеген адам жатқан жерінен тұра алмай, кейін қайтыс болды.