Оның ішінде өнер иесі - Рамазан Стамғазиев бар
Таяуда мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин қазақтың ежелгі салттарының бірі – беташар ЮНЕСКО-ның тізіміне енгенін хабарлап, сүйінші сұраған еді. Azattyq Rýhy редакциясы беташар салтын Адамзаттың материалдық емес мәдени мұрасының Репрезентативтік тізіміне енгізуге алғашқылардың бірі болып кімдердің бастама көтергенін анықтады.
Олардың ішінде қазақтың халық әндерін кеңінен насихаттап жүрген дәстүрлі әнші Рамазан Стамғазиев пен Өнертану кандидаты, Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің қауымдастырылған профессоры Сұлтанова Мадина бар.
Сонымен қатар, салт-дәстүрді дәріптеп, қадірлеп жүрген бірнеше адам өтініш білдіріп, хат жазған.