20.05.2020, 14:54
Оқиғалар
Көкшетауда салмағы 189 келі тартатын жүкті әйел аман-есен босанды
Ана мен баланың қазіргі жағдайы тұрақты
Фото ашық дереккөзден
Ақмола облысының перзентхана орталығында салмағы 189 келі болатын жүкті әйелге кесарь отасы жасалып, аман-есен босанды. Бұл туралы Көкшетау қаласындағы көпбейінді облыстық ауруханасы мәлім етті.
Салмағы аса ауыр әйелдің жыныстан тыс дерті болуына байланысты анестезиологиялық және хирургиялық әдіспен жедел босандыруда техникалық қиындықтар болған.
«Мұндай операция жасалғаннан кейін түрлі асқынулар болуы мүмкін, ота сонысымен күрделі. Ота жасау бригадасы өзіне жүктелген міндетті абыроймен атқарды. Бәрі сәтті өтті», - деді облыстық аурухананың бас дәрігері Нұрлан Жаров.
Ана мен баланың қазіргі жағдайы тұрақты. Жақында олар үйлеріне оралады.
Абзал Алпысбайұлы, Ақмола облысы
Көп оқылған
10.09.2026, 14:21
«Әпкеңді ұрамын және ұра беремін»: Ақтөбеде экс-полицей жездесіне оқ атқаны үшін 10 жылға сотталды
10.09.2026, 12:57
Балқашта танысын пышақтап өлтіріп, тағы бір серігіне шабуыл жасаған ер адам 22 жылға сотталды