Оқиғаның болғанын оқу ордасы растады
Сарыағаштағы медресе колледждің студенті абайсызда баспалдақтан құлап кеткен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Telegram арналарында баспалдаққа шығып алып, сырғанаған жасөспірімнің видеосы таралған еді. Каналдар баланы біреу итеріп жіберді деген сыңайлы ақпарат таратқан.
Редакция оқиғаның мән-жайын білу үшін медресеге хабарласып көрді. Оқу орнының әкімшілігі жағдайдың медреседе болғанын растап отыр.
«Қазір баланың жағдайы жақсы. Ем қабылдап жатыр», - деп жауап берді олар.