Атыраулық полицей 30 мың теңге пара алғаны үшін шенінен айырылып, қызметінен қуылды

Автор: Azattyq Rýhy

Сот полиция өкіліне параны 20 есе мөлшерде айыппұл салуға шшім шығарды

Фото: ашық дереккөзден

Атырауда полиция подполковнигі шенінен айырылып, қызметінен қуылды. Облыстық соттың баспасөз қызметінің хабарлауынша, №2 Атырау қалалық сотында облыстық Полиция департаментінің қызметкеріне қатысты қылмыстық іс қаралған.

«Полиция подполковнигі аңшылық қаруды сақтауға, ұстап жүруге рұқсат қағазын тез рәсімдеу үшін 30 мың теңге көлемінде пара алған. Сот полиция қызметкерін ҚР Қылмыстық кодексінің 366-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танып, параның 20 еселенген мөлшерінде (600 мың теңге) айыппұл салуға шешім шығарды. Сотталушы подполковник шенінен, өмір бойына мемлекеттік қызметте лауазымды қызмет атқару құқығынан айырылды», - деп хабарлады облыстық соттың баспасөз қызметі.