Ол 36 жастағы ер адам болып шықты
Желі қолданушылары шағымданған көлік жүргізушісі ұсталды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Қарағанды қаласының 29 жастағы тұрғыны «indriver» сервисінің жүргізушісіне шағымданып, Оңтүстік-Шығыс полиция бөліміне жүгінді. Жүргізушінің жеке басы анықталды. Ол Астана қаласының 36 жастағы тұрғыны болып шықты.
«Бұл факт полицияда тіркелген. Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайларын анықтау үшін тексеру іс-шаралары жүргізілуде», - деді Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі.
Бұған дейін желіге екі қыз видео жариялап, Қарағанды мен Астана арасында жолаушы тасымалдайтын Данияр есімді сұр «Camry» жүргізушісінің әбес қылығын жайып салған.