Өткен тәулікте Шымкент қаласында 50 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды

Автор: Azattyq Rýhy

Қазіргі таңда науқастардың жағдайы қанағаттанарлық

Фото: ашық дереккөзден

19 мамырда Шымкент қаласында коронавирус инфекциясын жұқтырған 50 адам тіркелді, деп хабарлады Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы.

«ПТР диагностикалық зерттеу нәтижелері бойынша Шымкент қаласының 50 тұрғынынан COVID-19 вирусы табылды: 24-і вирусты жұқтырғандармен жақын қарым-қатынаста болған, 5-і ЖРВИ белгілерімен ауруханаға жатқызылған, 21-і скрининг нәтіжесінде анықталған. Тиісінше барлығы жұқпалы аурулар стационарына жатқызылды», - делінген хабарламада.

Қазіргі таңда науқастардың жағдайы қанағаттанарлық. Бекітілген хаттамаға сәйкес тиісті ем жүргізілуде.    

Профилактикалық іс-шараларды жүргізу үшін, науқаспен қарым-қатынаста болған адамдар анықталуда. Ауру ошақтарында дезинфекциялық жұмыстар жүргізіліп жатыр.

Бүгінге дейін Шымкентте COVID-19 коронавирус инфекциясын жұқтырған 485 адам анықталды.