Ол Қытай аспақ болған
Шекарашылар декларацияланбаған ақша қаражатын алып өтпек болған азаматты ұстады, деп хабарлайды ҚР ҰҚК баспасөз қызметі.
«ҚР ҰҚК ШҚ Алматы облысы бойынша департаментінің «Қорғас» шекаралық бақылау басқармасы 2020 жылғы 18 мамырда ҚХР-на кетіп бара жатқан ҚР азаматын ұстады. Заң бұзушы азаматтан қызметтік иттің көмегімен 49 244 АҚШ доллары мөлшеріндегі ақшалай қаражат табылды», - делінген хабарламада.
Қазіргі уақытта ұсталған азамат белгіленген тәртіп бойынша «Нұр жолы» кедендік бекеттің қызметкерлеріне тапсырылды.